11 қазан 2016 | 12:25

Астанада ломбардқа қарулы шабуыл жасау ісі сотқа жіберілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанада ломбардқа шабуыл жасаған адамның ісі сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада ломбардқа шабуыл жасаған адамның ісі сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана прокуратурасы ломбардқа шабуыл жасаған ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы ("Қарақшылық") және 261-бабы ("Адамды кепiлге алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын аяқтап, істі сотқа жіберген. Іс қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа түскен.

Еске салайық, Кенесары көшесіндегі №82 үйде "М-Ломбард" ғимаратына заңсыз кіруіне орай дабыл жүйесі іске қосылып, есіктер кілттеніп қалған. Оқиға болған кезде ломбардтың ішінде келушілер болмаған. Аудан қоршауға алынған болатын. Күдіктіні ұстау кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Келіссөздер жүргізу барысында қарақшы өз еркімен берілді.

Айта кетейік, жүргізілген арнайы операциялар барысында зардап шеккендер жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети