Астанада ломбардты тонағысы келген ұры қамалып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада ломбардты тонағысы келген ұры қамалып қалды Куәгерлер жіберген сурет

Астанада ломбардты тонағысы келген ұрының жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астаналық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада ломбардты тонағысы келген ұрының жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астаналық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, Кенесары көшесінің бойындағы "М-Ломбард" ғимаратына заңсыз кіруіне орай, дабыл жүйесі іске қосылып есіктер бұғатталды. Ломбардтың ішіне ер адам тонау мақсатында кіруі мүмкін.

Оқиға болған кезде ломбардтың ішінде келушілер болмаған. Аудан қоршауға алынып, полиция жұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, Астанада Kaspi bank бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалған болатын. 4 тамызда Астанадағы Kaspi bank бөлімшесіне медициналық бетперде таққан ер адам кіріп келген. Ол жейдесінің ішінде тұрған жарылғыш затты іске қосамын деп қорқытып, ақша талап еткен.

Шығын көлемі - 130 мың теңге және 80 АҚШ доллары. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети