03 мамыр 2023 | 17:35

Астанада LRT ісі бойынша барлық айыпталушыға үкім шығарылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада LRT құрылысына қатысты сот процесінде айыпталушылардың бәріне үкім жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада LRT құрылысына қатысты сот процесінде айыпталушылардың бәріне үкім жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Виктория Семенова жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесін салу кезінде қаржы жымқыру ісі бойынша үкімді жариялады.

"Ачилов Ұлықбек Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі және 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтеу жазасына кесілді.

Әбдіхамитов Дәурен ҚР ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі, 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Аманжолов Рашид ҚР ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі, 176-бабы 4-бөлігі б-тармағы бойынша кінәлі деп танылсын және жаза тағайындалсын: мемлекеттік қызметте 5 жыл бойы қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру, жазасын орташа қауіпсіздік дәрежесіндегі ҚАЖ мекемесінде өтеу.

Нұрпейісова Жаната ҚР ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі, 178-бабы 4-бөлігі б-тармағы бойынша кінәлі деп танылсын және жаза тағайындалсын: мемлекеттік қызметте 5 жыл бойы қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру, жазасын орташа қауіпсіздік дәрежесіндегі ҚАЖ мекемесінде өтеу. Нұрпейісова "Құрмет" орденінен және "Парасат"орденінен айырылсын.

Әшім Талғат ҚР ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі, 178-бабы 4-бөлігі "б" тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағайындалған жаза шартты деп есептелсін, 3 жылға пробациялық бақылау белгіленсін.

Тимур Асабаев ҚР ҚК-ның 28-бабы 5-бөлігі және 176-бабы 4-бөлігі "б" тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағайындалған жаза шартты деп есептелсін, 3 жылға пробациялық бақылау белгіленсін.

Мусенов Дулат ҚР ҚК-ның 28-бабы 5-бөлігі, 176-бабы 4-бөлігі "б" тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағайындалған жаза шартты деп есептелсін, 3 жылға пробациялық бақылау белгіленсін", - деді судья Виктория Семёнова.

LRT ісі: Ардан мен Сұлтанбековке сот үкімі шықты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети