Астанада мас ер адам әйелін балконнан итеріп жіберді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада мас ер адам әйелін балконнан итеріп жіберді

Астанада Алматы ауданының №2 соты отбасылық жанжалдан кейін жұбайын балконнан итеріп жіберген ер адамға айыптау үкімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Алматы ауданының №2 соты отбасылық жанжалдан кейін жұбайын балконнан итеріп жіберген ер адамға айыптау үкімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық соттың мәліметінше, ер адам мас күйінде үй ішінде жанжал шығарып, әйелін ұрып-соққан және тұншықтырып, балконның терезесінен шығарып, 2-қабаттан лақтырып жіберген.

"Салдарынан әйелдің денсаулығына ауыр зақым келген. Ер адам өз кінәсін мойындады, оны жәбірленушінің айғақтары мен сот сараптамасы қорытындысы және істің басқа материалдары да растады", - делінген хабарламада.

Прокурор айыптауды қолдады.

Сот қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушының шын жүректен өкінгенін назарға алды.

Одан бөлек, мас күйінде қылмыс жасауды ауырлататын жағдай деп таныды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігінің санкциясы (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) 3 жылдан 8 жылға дейін бостандықты шектеу немесе айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сот үкімімен ер адам денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети