Астанада Oil Construction Company кәсіподақ төрағасы сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Oil Construction Company кәсіподақ төрағасы сотталды Амин Елеусінов. © kspk.org

Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты Oil Construction Company ЖШС кәсіподақ төрағасы Амин Елеусіновке қатысты сот үкімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты Oil Construction Company ЖШС кәсіподақ төрағасы Амин Елеусіновке қатысты сот үкімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтауда қаражат жымқырды деген күдікпен кәсіподақ төрағасы Амин Елеусінов биыл қаңтар айында ұсталған еді. "Амин Елеусіновтің қаражат жымқырып, кәсіподағындағы "ОСС" ЖШС жұмысшыларының ақшасын жымқыруы бойынша қозғалған қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қажетті сот сараптамалары жүргізілді. Қазіргі уақытта Елеусіновтің кінәсін дәлелдейтін айғақтар жинастырылып жатыр", - деген еді Маңғыстау облыстық ІІД басшысының орынбасары Алдырза Қуанышкереев.

"А.С.Елеусінов оған сеніп тапсырылған Oil Construction Company ЖШС 1 611 жұмысшының 8 212 606 теңге 89 тиын ақшасын иеленіп, жұмсағаны үшін, сондай-ақ, билік өкілдеріне қатысты зорлық көрсету, яғни, 2017 жылдың 20 қаңтарында ұсталған кезде полиция қызметкерлеріне балағат сөздер айтқаны үшін айыпты деп танылды", - деді Астана қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің мәліметінше, Елеусінов прокурормен кінәсін мойындағаны жайлы процессуалдық келісімге келген. Ер адам тағылған айыптарды мойындап, өз әрекетіне өкінді.

"Сот Елеусіновті екі жылға бас бостандығынан айыру туралы, сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған мүліктерін тәркілеп, қоғамдық және кәсіподақта 5 жылға дейін жұмыс істеу құқығынан айыру туралы шешім шығарды", - деді Астана қалалық сотындағылар. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети