28 шілде 2015 | 13:18

Астанада Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны сәбиді ұрлап әкетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ladyibaby.ru © ladyibaby.ru

Астанада баланы ұрлап кеткен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада баланы ұрлап кеткен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Көліктегі ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өзге құқық қорғау органдарының мамандарымен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында Оңтүстік Қазақстан облысының 36 жастағы тұрғынын ұстады. Ол 2015 жылы қаңтарда Астанада Өзбекстан азаматшасын қорқытып, жаңа туылған сәбиін алып қашып кеткен, ол баланы сатпақшы болған", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Мәлімет бойынша, баланың қайда екені анықталды. Ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу "Адам ұрлау" бабы бойынша басталды. Күдіктіге "қамауға алу" бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети