Астанада өртенген мұғалімнің әпкесі Сәдуовтің көрсеткен қорлығы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.
Астанада өртенген мұғалімнің әпкесі Сәдуовтің көрсеткен қорлығы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.
Астана мамандандырылған ауданаралық соты Қанат Сәдуовке қатысты істі қарай бастады. Ол бұрынғы әйелі - Светлана Сәдуованы өлтіргені үшін айыпталып отыр. Сәдуов әйеліне бензин құйып, тұтандырып жіберген.
Бүгін сотта қайтыс болған әйелдің туған әпкесі Светлананың Қанат Сәдуовпен 21 жыл бойы некеде тұрғанын айтты. 2013 жылы ерлі-зайыпты ажырасқан.
"Оны біз ең алғаш рет ұлын өмірге әкелген кезде үйге алып кеттік. Ол "Мені әкетіңдер, мен бұлай өмір сүре алмаймын" деп жылады. Ол күнделік жазатын. Оның өлімінен кейін біз Қантты іздеп таптық. Әпкем онымен өте қиын жағдайда өмір сүрді. Біз оларға қонаққа барғанда өзімізді бала сияқты ұстайтынбыз, артық бірдеңе айтуға қорқамыз. Егер артық сөйлесек, ол бізді қуып шығатын. (...) Егер әпкем тағамды дәмсіз етіп дайындаса, ол әпкеме бір қазан тамақты жеп қоюды бұйыратын. Ол маған: "Айгүл, мен күріштің бетіне қарай алмаймын дейтін", - деді Светлананың әпкесі Айгүл Дәрменова.
Сонымен қатар ол Светлана Сәдуованың күйеуімен ажырасқаннан кейін тұрмыс қиындығына тап болғандардың орталығында тұрғанын, бұрынғы күйеуінен қашып жүретінін айтты.
"16 мамырда ол маған хабарласып: "Бүгін менің артымнан күні бойы қызыл машина жүрді. Мен учаскелік инспекторға хабарласып онда Қанаттың бар-жоқтығын тексеруін сұрадым. Инспектор келіп қарады, көлікте Қанат болды. Кейін оны тіркеу пунктіне алып кетті". Ол әпкемнің ізінен күн сайын аңдитын. (...) 23 наурыздан бастап онымен күн сайын хабарласып тұрдым. Ол маған былай дейтін: "Ол мені күн сайын аңдып, телефон соғып соны айтатын: "Сен бүгін осындай көйлек киіп жүрсің", "Сенің қасыңда бүгін осындай әйел жүрді", "Бүгін сен осындай көлікке отырдың". Ол Светлананы күн сайын аңдитын", - деді Айгүл Дәрменова.
Сонымен қатар, әйел Қанаттың бұрын да өрт ұйымдастырғанын айтты. "2013 жылы олар ажырасты. Біз оны төрт баласымен Петропавлға әкеліп жұмысқа орналастырдық. Біз оны киіндірдік. Ал 5-6 айдан кейін Қанат оны әкетіп, алған киімдерінің бәрін жинап, бензинмен өртеп жіберген", - деді Светлана Сәдуованың әпкесі.
Айгүл Дәрменова кісі өліміне Светлана Сәдуованың атына жазылған үй себеп болуы мүмкін екенін айтты.
"Ақша үшін, үй үшін. Егер ол үй Светлананың атына жазылмаған болса, ол оны өлтірмес еді. (...) Бір кездері маған Света хабарласып: "Айгүл, егер мен өлетін болсам, өліміме Қанат кінәлі болады" деген еді", - деді Айгүл Дәрменова.
Оның айтуынша, Қанат Сәдуов ішімдік ішіп, өзін агрессивті ұстайтын болған.