Астана полиция қызметкерлері пәтер және автокөлік тонаумен айналысты күдікпен қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 11 ай ішінде Астана қаласы ІІД криминалдық полициясы пәтер тонаумен айналысқан 20-дан астам қылмыстық топты құрықтады.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері пәтерлер және автокөлік тонады деген күдікпен "ізін суытпай" 24-25 жас аралығындағы Шығыс Қазақстан облысының үш тұрғынын ұстады. Олар Астанада жалға алынған пәтерлерде тұрған. Олардың екеуінің осыған дейін сотталғаны анықталды.
2 желтоқсанда елорданың 42 жастағы тұрғыны белгісіз біреулердің үйіне терезені қысып ашу әдісі арқылы кіріп, жалпы сомасы 1 миллион 600 мың тенге болатын жеке мүлкін ұрлап әкеткендігі туралы шағымданады.
3 желтоқсаны Есіл аудандық ІІБ-ға жергілікті тұрғын автокөлігінің бүйір әйнегін сындырып, 300 мың теңге болатын жеке мүлкін ұрлап кеткені жөнінде хабарлады. "Қазіргі уақытта полицейлер ұсталған күдіктілердің 3 ұрлықты пәтерден және 7 ұрлықты автокөліктен жасағандығын анықтады. Заттар мен алтын бұйымдарды ломбардтарға төмен бағада тапсырып отырған. ҚР ҚК 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі өндіріс жүргізіліп жатыр. Күдіктілер тергеу изоляторында қамауға алынды.
Полиция қызметкерлері ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысын анықтап жатыр.