Астанада полицейлермен ерегескен жастар дөкейдің балалары емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада полицейлермен ерегескен жастар дөкейдің балалары емес Видео кадры

Астанада полицейлерге қарсылық көрсеткен жастар дөкейдің балалары емес. Бұл туралы Астана қалалық ІІД өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада полицейлерге қарсылық көрсеткен жастар дөкейдің балалары емес. Бұл туралы Астана қалалық ІІД өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"28 ақпанда интернет-ресурстарда "Золотая молодежь устроила скандал полицейским" деген тақырыппен видеоролик пайда болды. 26 ақпанда түнгі сағат 2.00-де Астана қалалық ІІД Жедел басқару орталығының "102" нөміріне белгісіз біреулердің тыныштықты бұзып, тұрғындардың демалуына кедергі жасап жатқаны жайлы хабар келіп түсті. Шақыртуға "Сарыарқа" аудандық "Ырғыз" автопатрулі жіберілді", - дейді полицейлер.

Полицейлер оқиға орнына келгеннен кейін 8 жігітті анықтаған. Жол-патрульдік полициясының қызметкерлері өздерін таныстырып, олардан құжат сұраған. Алайда жігіттер былапыт сөз айтып, құжат көрсетуден бас тартқан. Кейін біреуі тіпті көлікпен жасырынбақшы болған, алайда ол ұсталып, Сарыарқа аудандық ІІБ-ге жеткізілген. 

Осыдан кейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері жігіттердің Қостанай облысының тумалары екенін анықтаған. Олардың ата-аналары жеке кәсіпкерлер, жанармай құю бекетінің операторы, ЖШС жүргізушісі, есепші және тіпті араларында жұмыс істемейтіндері де бар екен.

Соңында қоғамдық тәртіпті бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети