Астанада полиция пиротехника заңсыз сатылатын орындарды тексеріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада полиция пиротехника заңсыз сатылатын орындарды тексеріп жатыр © astana.gov.kz

Пиротехниканы сатып алу кезінде сатушыдан рұқсат құжаттарын талап еткен жөн, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пиротехниканы сатып алу кезінде сатушыдан рұқсат құжаттарын талап еткен жөн, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Астана қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының азаматтық және қызметтік қаруды бақылау бөлімінің аға инспекторы Азамат Әменнің айтуынша, тәртіп сақшылары аталмыш жұмыстарды Жаңа жыл қарсаңында күшейтілген режимде жүргізеді.

"18 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында пиротехника заңсыз түрде сатылатын орындарды тексереміз. "Шанхай", "BIG Шанхай", "Астаналық" базарларын, "Орбита" дүкенінің ауданын аралаймыз", - деп мәлімдеді Азамат Әмен.

Полиция қызметкерлері, азаматтардың есіне пиротехниканы сатып алу кезінде сатушыдан рұқсат құжаттарын көрсетуді талап ету керектігін, сондай-ақ, өнімнің жарамдылық мерзіміне назар аудару қажеттігін салады.

2017 жылы "Пиротехника" жедел профилактикалық шарасын өткізу барысында петардалар мен от шашулар сияқты өнімдер сатылатын алпыстан аса орын тексерілді. Олардың нәтижесінде пиротехниканы заңсыз сатудың 6 оқиғасы анықталып, сауда орындарының жұмысы тоқтатылды. Сертификаты жоқ пиротехникалық өнімдердің 3 мыңға тарта данасы тәркіленді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети