12 қыркүйек 2018 17:34

Астанада полицей істі тоқтатқаны үшін 300 мың теңге алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Астанада Есіл аудандық ІІБ тергеу бөлімінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қалалық ІІД Есіл аудандық ІІБ тергеу бөлімінің басшысы тіркелген қылмыстық істі тоқтату үшін делдал арқылы 300 мың теңге көлемінде пара алған деген күдікке ілінген.

Сондай-ақ,  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі YouTube хостингіндегі арнасында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары ұсталған сәт түсірілген видеоны жариялады. Ол қызметтік кабинетінде 60 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Күдікті жеке кәсіпкерлікті тіркеу мәселесін шешіп беру үшін пара алған делінеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу бастады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети