Астанада полицейді қағып өлтірген жүргізуші 16 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада полицейді қағып өлтірген жүргізуші 16 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Астана қаласы Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Нагорных айыпты деп танылды және 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді", - делінген хабарламада.
Ол есірткі затын сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін және қызмет бабындағы адамды өлтіргені үшін сотталды.
Оқиға осы жылдың 18 мамыры күні сағат 23.00 шамасында қылмысты істі тексеру полициясы есірткі затын сату мақсатында заңсыз сақтау күдігімен "КIA Ceed" жүргізушісін ұстау кезінде болды. Бірақ жүргізуші полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбады. Оқиға орнынан ізін жасырғысы келіп, өлтіру мақсатында полиция аға лейтенанты Самат Шохановты қасақана қағып өткен. 27 жастағы Шоханов АҚФ "Астана қаласының Орталық жол ауруханасына" жатқызылып, алған жарақатынан қайтыс болды.
Сол түні Нагорных ұсталды. Жеке басына тінту жасалып, аса ірі көлемде героин табылды.