20 мамыр 2014 20:41

Астанада полицейді Қылмысқа қатысы бар күдікті көлікпен соғып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tengrinews.kz ©tengrinews.kz

Есірткілік заттарды сақтап, таратқан күдікті полицейді көлікпен соғып кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астана қалалық ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова хабарлады.


Есірткілік заттарды сақтап, таратқан күдікті полицейді көлікпен соғып кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астана қалалық ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова хабарлады.

Оның айтуынша, есірткіні сақтап, оны өткізумен айналысатын адам туралы елорда тұрғынынан ақпарат келіп түскен. Күдіктіні ұстау кезіндегі жедел шара барысында KIA Sorento көлігінің рөлінде отырған күдікті полиция қызметкерін соғып кетіп, жасырынуға тырысқан.

"Ізіне түскеннен кейін полиция қызметкерлері 27 жасар Астана қаласының тұрғынын қолға түсірді. Күдіктіге тиесілі әмиянды тексеру кезінде алты полиэтилен пакетке салынған сұр ұнтақты зат табылған. Сараптамадан өткізу нәтижесінде одан алынған полиэтилен пакеттің ішінде героин болғаны анықталды. Бұдан бөлек, ұсталған азаматтың пәтерінен де героин табылған", - дейді С.Қылышбекова.

Қазір күдікті Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Енді оның үстінен "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" және "Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкері ауыр дене жарақатын алып, қазір ауруханада жатыр. Бұл оқиға 16 мамырда болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети