11 наурыз 2019 18:32

Астанада полицейлердің көлік соңынан қуған сәті видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Елордалық құқық қорғау органдары қызметкерлері көлік ұрлады деген күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Елордалық құқық қорғау органдары қызметкерлері көлік ұрлады деген күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицейлерге елордадағы аулалардың бірінде тұрақта тұрған Hyundai автокөлігінің ұрланғаны туралы хабар түскен. Жүргізушіні анықтау және ұстау үшін "Ұстау" жоспары жарияланды.

"Бейнебақылау камераларының жүйесін қарау барысында жедел басқару орталығының инспекторы Мәңгілік ел көшесінде көрсетілген автокөлікті байқады. Ақпарат дереу жақын маңдағы патрульдік полиция нарядтарына берілді. Жүргізуші жасырынып, жол ережесін өрескел бұзып, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, қозғалысты жалғастырды", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көлік ұрлады деген күдікті ұсталды, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети