Астанада психикалық ауытқуы бар қостанайлық келіншек тегін жұмыс істеуге мәжбүр болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қостанайда Қостанай облысы әкімдігінің "жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ бөлім басшысына, "Пешков арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ директоры мен жеке пансионат директорына қатысты қылмыстық іс қаралды,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қостанайда Қостанай облысы әкімдігінің "жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ бөлім басшысына, "Пешков арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ директоры мен жеке пансионат директорына қатысты қылмыстық іс қаралды,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың сәуіріне дейін сотталушылар психикалық ауытқуы бар әйелдің материалдық және басқа тәуелділігін пайдаланып, оны жеке интернатқа заңсыз көшіріп, тегін жұмыс күші ретінде пайдаланған.

"Сотталушылар Ж., А. және Б. психикалық ауытқуы бар жәбірленуші М.-ның материалдық және өзге де тәуелділігін пайдаланып, Қостанай облысы Федоров ауданы Пешковка ауылындағы "Пешков арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ-нен Астанаға заңсыз алып барып тегін жұмыс күші ретінде пайдаланған", - деп хабарлады Қостанай сотының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, сотта Қостанай облысы әкімдігінің "жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ бөлім басшысы өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып "Лисаков арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ директорынан ересектерге арналған 60 памперсті заңсыз талап етіп, өтеусіз алғанын жалпы сомасы 36 240 шығын келтіргенін атап өтілді.

Прокурорлар 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушылар кінәні толық мойындамады.

"Сотталушылардың жеке басын, істің мән-жайын, жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып, сот ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігі негізінде сотталушыларға бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза тағайындады. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ бөлімінің басшысы - сегіз жыл мерзімге, "Пешков арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ директоры алты жыл жеті айға, "Қамқорлық" жеке пансионатының басшысына алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп хабарлады Қостанай сотының баспасөз қызметі.

Сот Қостанай облысы әкімдігінің "үйлестіру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ лауазымды тұлғаларына қатысты шаралар қабылдау үшін "ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ-не жеке қаулы шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer