Астанада қызметкер қыз заңсыз казиноның табысын белдемшесіне жасырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада қызметкер қыз заңсыз казиноның табысын белдемшесіне жасырған © Tengrinews.kz

Астанада жедел іздестіру шаралары барысында интернет-клуб ретіне ашылған казино табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жедел іздестіру шаралары барысында интернет-клуб ретіне ашылған казино табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, елордадағы Манас көшесінде орналасқан "Веста" интернет-клубын тексеру кезінде онлайн-казиноның жұмыс істейтіні анықталды.

"Мамандар оқиға орнынан 20 моноблок пен интернет клубының операторының белдемшесінің астынан 2500 доллар және 34 500 теңге ақша, 20 моноблок табылды. Сонымен қатар, тағы да 106 200 теңге және 100 доллар көлемінде ақша табылып, ұтыс есебінде берілген 3000 теңге тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

"Интернет-клубта" үш адам жұмыс істеген: ойын мекемесінің ұйымдастырушысы, оператор және күзетші. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети