Астанада спорттық ойындардан ақша ұтуға уәде берген алаяқ ұсталды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада спорттық ойындардан ақша ұтуға уәде берген алаяқ ұсталды © Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Астанада халықты спорттық ойындарға ұтыс тігіп, қыруар ақшаға кенелтемін деп алдап кетіп отырған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада халықты спорттық ойындарға ұтыс тігіп, қыруар ақшаға кенелтемін деп алдап кетіп отырған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астана қалалық полиция департаменті криминал полициясының өкілдері 29 қарашада 18 жастағы астаналықты ұстады. Ол Instagram әлеуметтік желісінде жалған парақша ашып, спорттық ойындарға ақша тіккен адамдардың табысын көбейтемін деп уәде берген. Ал парақша әсерлі көрінуі үшін ақшаның суреттерін жариялап отырған. Қазіргі уақытта ұсталған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай интернет-алаяқтар көбіне ақшаны 100 пайыз кепілдікпен қайтарамыз деп уәде беріп, алдымен адамдардан қандай да бір соманы бір күндік киви-әмиянға салуын сұрайды. Ал ақша аударылғаннан кейін телефоны дереу сөндіріледі екен.

Биыл астаналық полиция қызметкерлері интернет арқылы 150-ден аса адамды алдаған Ақтөбе облысы мен Алматы қаласының тұрғындарын қолға түсірді. Олар спорттық ойындар арқылы ақша көтеріп береміз деп, кейін ізін суытқан деген күдікке ілінген. Полиция департаментіндегілер басқа да алаяқ құрбандарынан (Бейбітшілік 19) мекенжайына немесе 8 (7172) 71-62-91, 71-63-35 нөміріне хабарласуларын сұрайды. 

Полицейлер интернет қолданушыларын сақ болуға және алаяқтарға алданбауға шақырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети