Астанада студент Таиландтан келген сәлемдеме үшін 8 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада студент Таиландтан келген сәлемдеме үшін 8 жылға сотталды Фото:depositphotos.com

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған колледж студентін 8 жылға бас бостандығынан айырды. Қылмыстық іс пен үкімнің мән-жайын елордалық соттың баспасөз қызметі жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған колледж студентін 8 жылға бас бостандығынан айырды. Қылмыстық іс пен үкімнің мән-жайын елордалық соттың баспасөз қызметі жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты электронды ақпараттық ресурсты пайдалана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы ірі мөлшерде есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау (ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1, 5) тармақтары), сондай-ақ алдын ала сөз байласу арқылы ірі мөлшерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы есірткі затын заңсыз өткізуге көмектесу (ҚК 28-бабының 5-бөлігі – 286-бабы 2-бөлігінің 4, 5) тармақтары) деректері бойынша Б.-ға қатысты істі қарады.

"Сотталушы Б. кәмелетке толмаған колледж студенті бола отырып, Telegram мессенджеріндегі "В" аккаунтын пайдаланушымен келісім бойынша тыйым салынған заттарды сақтайтын "қоймаға" жұмысқа орналасқан. Аккаунт пайдаланушысы Б.-ның жеке деректерін пайдалана отырып, Таиланд Корольдігінен халықаралық пошта арқылы Қазақстан Республикасына 998 грамм есірткі заты – марихуананы (кептірілген) жіберген", - делінген хабарламада.

2024 жылғы 6 тамызда Б. "Қазпочта" АҚ филиалынан есірткі заты бар жөнелтілімді алған, яғни есірткі затын заңсыз иемденген. Одан кейін есірткі затын сату және дозаға орау мақсатында заңсыз сақтау үшін пәтер жалдаған.

Сол күні Б.-ның үйін тінту барысында 998 грамм кептірілген марихуана табылып, тәркіленген.

"Сотталушының кінәсі үйді тінту хаттамасымен, куәгерлер мен пошта қызметкерлерінің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және Telegram аккаунтының пайдаланушысымен хат алмасу ақпараттарымен дәлелденді".

Сот шын жүректен өкінуін және сотталушының кәмелетке толмағанын жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

"Сот жаза тағайындау кезінде жасалған аса ауыр және ауыр қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескерді.

Сот үкімі бойынша, Б. ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1,5) тармақтарында және ҚК 28-бабының 5-бөлігі – 286-бабы 2-бөлігінің 4, 5) тармақтарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды".

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети