Астанада өз үйінің ауласында баланың басынан ұрған зейнеткерге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада өз үйінің ауласында баланың басынан ұрған зейнеткерге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Зейнеткер өз үй ауласында кәмелетке толмаған баланың басынан ұрған. Осылайша ол денсаулыққа зиян келтірмей, физикалық ауырсынуға алып келген зорлық-зомбылық әрекетін жасаған. Сотта зейнеткер баланы тәрбиелік мақсатта ұрғанын айтқан", - делінген соттың қаулысында.
Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған 10 АЕК (22 690) теңге көлемінде айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енді.