17 қазан 2014 | 11:37

Астанада телефон лаңкестері бас бостандығынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Даниал Оқасов ©Даниал Оқасов

Астанада телефон лаңкестеріне бас бостандығынан айыру жазалары берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада телефон лаңкестеріне бас бостандығынан айыру жазалары берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Жылдың басынан бері Астана қалалық ішкі істер департаментіне жарылғыш зат қойылғаны туралы жеті аноним хабарлама келіп түсті. Барлық дерек бойынша шұғыл шаралар қолданылды, жалған хабар бергендердің бәрі бірнеше сағат ішінде анықталып, ұсталды.

Соңғы 2 жылда мұндай қылмыстар 100 пайызға ашылатын болды.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көп жағдайда терроризм актісі туралы жалған хабарлар жасөспірімдерден, алкогольден немесе есірткіден мас болған адамдардан және ақыл-есі дұрыс емес адамдардан келіп түседі. Сонымен бірге, мұндай қылмысты ұшақтан қалып қойған адамдар және бизнестегі бәсекелестеріне қастық ойлағандар, борышкерлер, әлдекімдермен жанжалдасқандар, сондай-ақ шұғыл қызметтердің қалай әрекет ететінін көргісі келген қызыққұмар адамдар да жасайды.

Полицейлер терроризм актісі туралы жалған хабар таратудың қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс екенін еске салады. 2012 жылы мұндай қылмыстардың жазасы қатайтылды. Айыптыларға 200-ден 500 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе бостандығын жеті жылға дейін шектеу және бас бостандығынан алты жылға айыру жазасы да беріледі. 

Мысалы, 20 жастағы жұмыссыз Жұмабек Қабденов 2013 жылдың 16 қаңтарында № 8 орта мектепке жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған. Ол үш жылға бас бостандығынан айырылды. 

Жамбыл облысының 1985 жылы туған тұрғыны Мұрат Садырбаев қоныс-колонияда алты айға бас бостандығынан айырылды. Ол 2013 жылдың 20 мамырында сағат 07.00-де Конгресс-холл ғимаратына бомба қойылғанын айтқан. Жедел іздестіру шаралары барысында 2 сағат ішінде күдікті ұсталды. Ол полицейлерге өз кінәсін бірден мойындады.

2014 жылдың 10 қаңтарында сағат 17.58-де Астана қаласы ІІД Жедел басқару орталығына белгісіз біреу тұрғын үй гаражына бомба қойылғаны туралы хабар берген. Жедел іздестіру шарасы барысында 9-сынып оқушысы ұсталды. Жасөспірімдер ісі жөніндегі ауданаралық соттың шешімімен осы жылдың мамырында Әбдіразақов 2 жылға шартты түрде сотталды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети