ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі Астанада тергеу изоляторынан қашып кеткен Қарағанды облысы тумасының суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам әлі іздестіріліп жатыр.
"Бүгінде, сағат 10.00-дегі жағдай бойынша, ер адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр", - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Е.Арғымбаевқа қатысты қандай да бір мәлімет білетіндерден Астана қалалық ІІД-не хабарласуды сұрайды: 8 (71772) 71-60-10, 53-19-64, 8-701-673-62-68.
Еске сала кетейік, ер адам тергеу изоляторынан кеше, 25 ақпанда қашып кеткен болатын. Қарағандының 36 жастағы тумасы Е.Қ.Арғымбаев бұған дейін ұрлық пен тонау бойынша сотталған.