25 ақпан 2014 17:10

Астанада төбелеске қатысқан тоғыз адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер түсірген видеоның кадры. ©Tengrinews.kz Куәгер түсірген видеоның кадры. ©Tengrinews.kz

Астана көшелерінде төбелес болды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қақтығыстың ұялы телефонмен түсірілген видеосын оқиға куәгерлерінің бірі редакциямызға әкелді. Куәгердің айтуынша, төбелес 25 ақпанға қараған түні болған. Роликтен қарға жығылған адамды көруге болады, оған бірнеше адам таяп келеді. Біршама уақыттан соң оқиға орнына патруль полициясы жетеді. "Мен түнгі клубқа қарсы үйде тұрамын. Түнде бұл жерде төбелес болды, әуелі жолдың жиегінде екі машина мен бір автобус тұрды. Олардан жігіттер шығып, бір адамды ұра бастады. Содан кейін атыс пен айқай естілді. Жол-патруль полициясы келген кезде төбелеске қатысқандар қашып кетті. Біреулер ұсталды", - дейді ол. Астана қаласы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, төбелес кезінде тоғыз адам ұсталды. Олардың бәрі - бір ұйымның жұмысшылары. "Олар түнде көңіл көтеру орнында болған, ішімдік ішкен. Кейін ұрсысып қалған, арты төбелеске ұласады. Жерге құлаған ер адам мас күйде болған. Төбелескендердің ешқайсысы дене жарақатын алмаған, ешкімге медициналық жәрдем қажет болмады. Төбелеске қатысушылардың барлығы аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Олардың бір-біріне артатын кінәсі жоқ. Оларда ешқандай қару болмады", - дейді баспасөз хатшысы София Қылышбекова. Оның айтуынша, көшедегі төбелес сыртқы бақылау камерасына іліккен, сол себепті оқиға орнына жол-патруль полициясының бірнеше көлігі жөнелтілді. Қазіргі уақытта оқиға қатысушыларын әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр. Еске сала кетейік, 2013 жылдың қараша айында Астананың Кенесары және Желтоқсан көшелерінің қиылысында болған кескілескен төбелес те сыртқа бақылау камерасына түсіп қалған болатын. You Tube қолданушыларының бірі оның бейнежазбасын жария етті. Полиция төрт жігіттің кафеде өзге үш жігітпен сөзге келіп қалғанын анықтады. Жігіттер сыртқа шығып төбелескен. Төрт жігіт қарсыластарын аяусыз тепкілеп тастайды. Қозғалған қылмыстық іс бойынша, оларға жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети