Астанада ұрланған Range Rover Павлодардан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада ұрланған Range Rover Павлодардан табылды © aac-ural.ru

Астанада ұрланған Range Rover Павлодардан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астаналық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада ұрланған Range Rover Павлодардан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астаналық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, 24 шілдеде Астана тұрғыны полицияға келіп, 23-нен 24-не қараған түні Түркістан көшесінің бойындағы үйінің ауласынан Range Rover Evoque маркалы автокөлігінің ұрланғаны туралы хабарланған.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 200-бабы ("Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу") және ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлімінің 4-тармағы бойынша тіркелген.

"Астаналық полицейлердің кешенді жедел-іздестіру жұмыстарының қорытындысы бойынша, күдіктілер Павлодар қаласынан ұсталған. Олар - Ресей Федерациясының жастары 30-47 аралығындағы бес азаматы. Оның үшеуі бұрындары Ресейде сотталып шыққан", - деді ІІД өкілдері.

Астана қалалық ІІД жедел қызметкерлері Range Rover Evoque автокөлігін Павлодар қаласындағы бір гараждан тапқан.

Күдіктілерге қатысты "Қамауға алу" бұлтартпау шаралары орындалды. Полицейлер осы азаматтардың басқа да Қазақстан Республикасының аумағында болған қылмыстарға қатысы бар жоғын тексеріп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети