07 қыркүйек 2016 | 17:15

Астанада ұры өзін атақты рэпермін деп таныстырып, ұялы телефон ұрлаумен айналысқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ghetto Dogs тобындағы Rusty © vk.com Ghetto Dogs тобындағы Rusty © vk.com

Астанада өзін қазақстандық белгілі әнші ретінде таныстырып, "өзіне табынушылардың" ұялы телефондарын ұрлаған жігіттің соты болып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада өзін қазақстандық белгілі әнші ретінде таныстырып, "өзіне табынушылардың" ұялы телефондарын ұрлаған жігіттің соты болып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотта жас жігіттің өзін Ghetto Dogs тобындағы Rusty есімді рэперге ұқсастығын пайдаланып, елордадағы караоке-барларда ән айтып жүргені белгілі болды. Ол онда бардың келушілерінің сеніміне кіріп, олардың ұялы телефондарын ұрлаған. 

Ер адам өз кінәсін толығымен мойындады. Сот оны төрт жыл бір айға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети