13 қаңтар 2018 16:55

Астанада үш оқушы қызды қағып кеткен жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dnepr.info © dnepr.info

Астанада көлік қағып кеткен оқушы қыздардың ісіне қатысты сот аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянованың Facebook парақшасына сілтеме жасап.


Астанада көлік қағып кеткен оқушы қыздардың ісіне қатысты сот аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянованың Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Оның хабарлауынша, 2018 жылы 5 қаңтарда Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты Жақсыбек Дарханға қатысты ҚК 345-бабы 3-бөлігі, 345-бабы 2-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық істі қарап шықты, ол жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, жаяу жүргінші Ф.Ғ.Мұсаны байқаусызда ажал құштырып, жаяу жүргінші Ахмедиярова А.Т-ның денсаулығына ауыр залал келтірді деген күдікке ілінген болатын.

Еске сала кетейік, 4 қыркүйекте шамамен 13:20-да 21 жастағы жүргізуші Lexus маркалы көлікті басқарып, Момышұлы көшесінің бойында, Аманат көшесімен қиылысқан жерде бағдаршамның рұқсат етілмеген түсіне өтіп, назарын телефонға аударамын деп кәмелет жасына толмаған бірнеше қызды қағып кетті. Оқушы қыздар оңнан солға, бағдаршамның жаяу жүргіншіге рұқсат етілген түсіне өтіп бара жатқан. Сөйтіп, қыздардың бірі ауруханада қайтыс болды.

Соттың баспасөз хатшысының хабарлауынша, зардап шеккен Ахмедиярованың заңды өкілі қылмыстық істі тоқтату туралы арыз берген, себебі айыпталушы ол қызға келтірген моральдық және материалдық зардапты толықтай өтеп берген, сол үшін зардап шеккен тарап ешқандай айып тақпайтынын білдірген.

"Осыған байланысты, соттың 2018 жылы 5 қаңтарда шығарған үкімімен Жақсыбекке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, себебі ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі аса ауыр емес қылмысқа жатқызылады, ҚР ҚК 68-бабына, екі тараптың ымыраға келуіне байланысты сот қылмыстық істі тоқтатуға міндетті, оған медиация да кіреді", - деп жазды Баянова.

Ал, адам өлімі эпизодына қатысты айыпталушы бір жарым жылға сотталды.

"Сот үкімімен Жақсыбек 1 жыл 6 айға бас бостандығынан және 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылады, ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтейді", - деп хабарлады Баянова.

Сонымен қатар, зардап шеккен тарапқа моральдық залал есебінде 1 500 000 теңге өндірілді. Жазаны белгілеу кезінде бірнеше жаяу жүргіншіге залал келтірілгені және бір адамның көз жұмғаны ескерілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети