Астанада жалған кәсіпкерлікпен айналысқандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жалған кәсіпкерлікпен айналысқандар ұсталды ©Тengrinews.kz

Астана қаласының қаржы полициясы "Строй Комплекс Групп" ЖШС-нің мақсатсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны мен мемлекетке 157 млн. теңге көлемінде салық төлемегендігін анықтады. Бұл туралы Тengrinews.kz Астана қалалық қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласының қаржы полициясы "Строй Комплекс Групп" ЖШС-нің мақсатсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны мен мемлекетке 157 млн. теңге көлемінде салық төлемегендігін анықтады. Бұл туралы Тengrinews.kz Астана қалалық қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Строй Комплекс Групп" ЖШС заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, мемлекетке салық төлеуден жалтарып келген. Серіктестікке тікелей қатысы бар Хамитова, Гайценредер, Маситова есімді азаматшалардың қылмыстық іс-әрекеті қаржы полициясының араласуынан кейін тоқтатылды", - делінген қаржы полициясының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Тергеу кезінде анықталғаны, аталған серіктестік Ілиясова есімді өмірде жоқ азаматшаның атына рәсімделіпті. Қаржы полициясы оларды құрықтай алмай ұзақ уақыт іздеумен жүрген еді. Дегенмен екінші деңгейлі банк филиалдарының бірінде жалған кәсіпкерліктің  есепшоты арқылы 49 млн 100 мың теңге қаражатты алу кезінде Хамитова мен Матисаева құрықталды.

Тексеру кезінде айыпталушылардың кеңсесі мен пәтерлерінен коммерциялық ұйымның 56 мөртаңбасы, бухгалтерлік құжаттардың түпнұсқасы, кассалық чектер мен касса аппараттары және басқа да құжаттар тәркіленіп отыр. Қазір аталған іске қатысы бар азаматшалар тұтқындалып, қамауда отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети