Астанада заңсыз жұмыс істеген казино жабылды: Видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада заңсыз жұмыс істеген казино жабылды: Видео видеодан үзінді

Астанада астыртын казино ашқан күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада астыртын казино ашқан күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астаналық Мемлекеттік акірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің мәліметінше, 2018 жылы 15 маусымда "Қыран" арнайы жасағының қызметкерлерімен бірге Абылай хан даңғылының бойында орналасқан астыртын казиноның жұмысы тоқтатылды. 

"Ұйымдастырушылар мен покер ойыншылары ұсталды. Азамат А. табыс көзін көбейту мақсатында покер ойынын ұйымдастырған, онда 13 адам ойнап отырған. Іс материалдары сотқа жіберілді", - деді МКМ ЭТҚ офицері Қайрат Ысқақов. 


Видео Астана МКМ ЭТҚ қызметкерлерінен

Сондай-ақ, 5 мамырда Қазақстанның екі азаматы қылмыстық топ құрғаны үшін және заңсыз ойын бизнесін ашқаны үшін 5 және 7 жылға сотталды. Олар аса ірі көлемде табыс тауып отырған. 25 мекен-жайдан 47 ойын автоматы тәркіленді. Заңсыз ойын бизнесінен 2016-2017 жылдары аралығында түскен табыс мөлшері - 17 миллион 562 мың теңге. 

Сонымен қатар, Астанада 2018 жылы 17-24 тамызда 55 мекен-жай тексеріліп, 90-нан аса ойын автоматтары тәркіленді. Сот үкіміне сай, ойын автоматтарының көзі жойылды. 

Қазақстан территориясында ойын автоматтарын және казино ашуға тыйым салынған, тек Алматы облысындағы Қапшағай суқоймасының маңында және Ақмола облысындағы Щучинск ауданында қоюға рұқсат етілген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети