Астанада зергерлік бұйымдарды ұрлады делінген күдікті ұсталды

Видеодан алынған кадр

Астанада зергерлік б?йымдарды ?рлады делінген к?дікті ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Астанада зергерлік бұйымдарды ұрлады делінген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қыз сауда үйіндегі камералардың біріне түсіп қалған. Ведомстводағылардың мәліметінше, ұсталған қыз бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстары үшін жауапкершілікке тартылған.

Реклама
Реклама

"25 қазанда полицияға  сауда орталығында зергерлік бұйымдарды сататын бөлімнің қожайыны 24 қазанда оның дүкенінен 200 000 теңге көлеміндегі зергерлік бұйымдарды біреудің ұрлап кеткенін хабарлады. Бұл дерек ҚР Қылмстық кодексінің "Ұрлық" бабы бойынша бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.

Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында 27 қазанда Астанадағы "Алматы" ауданының ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері Астана қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Ол кінәсін мойындады. Күдікті ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, осыған дейін Астанада зергерлік бұйымдарды ұрлаған қыздың видеоға түсіп қалғаны айтылған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама