25 қазан 2016 19:03

Астанада зергерлік бұйымды ұрлаған қыз видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Астанада зергерлік бұйымды ұрлаған қыз видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада зергерлік бұйымды ұрлаған қыз видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Артем" сауда орталығында зергерлік бұйымдарды сататын бөлімнің қожайыны 265 мың теңгелік алтын сырғалар мен сақинадан құралған комплектін таппай қалған. Ұрлық туралы бөлім меңгерушісі бүгін полицияға арыз берген. Ұрлық 24 қазанда болған.

Бұл видео ұрлық болған бөлімде түсірілген. Осы бөлімнің сатушысы ұрлыққа күдікті қызды басқа да сатушылар таныған. 

"Осымен үш бутиктің бейне бақылау камералары арқылы, осы қыздың келгеннен кейін заттары жоғалғанын анықтаған. Ұрлық жасалған сәт видеоға түсіп қалған. Ол біздің бөлімге келіп, әрдайым осы жерден әшекейлер сатып алатынын айтты. Кеше ол, әшекей таңдау үшін өзінің анасын күтіп тұрғанын айтты. Ол бізбен тұрды, әңгімелесті, басқа да сатып алушылармен сөйлесті. Мен ұрлықтың болғанын байқамай да қалыппын", - деді бқлімнің сатушысы Роза Туғанбаева.

Елордалық ІІД-ндегілер бутик қожайынынан арыз қабылдағанын айтты. Осы іс "Ұрлық" бабы бойынша тіркелген. "Ұрының кім екенін анықтап, ұстау үшін жедел-іздестіру кешендік шаралары жұргізіліп жатыр", - деді Астана ІІД.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети