Астанада жүргізуші полицейді үш мәрте қағып, капотында сүйреген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жүргізуші полицейді үш мәрте қағып, капотында сүйреген Видео кадрлары

Астанада Toyota Camry жүргізушісі полицейден қашпақ болып, оны үш мәрте соғып, капотында алып жүрген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Toyota Camry жүргізушісі полицейден қашпақ болып, оны үш мәрте соғып, капотында алып жүрген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Куәгердің айтуынша, оқиға 23 қазанда сағат 18.00-де "Бәйтерек" монументінің маңында болған. "Мен көлігіммен Достық көшесімен Министрліктер үйіне қарай жүріп бара жатқанмын. Ақмешіттің қиылысынан өтіп, жол бойында жолполдың қызметкері тұрғанын көрдім, ол ақ түсті Camry көлігінің алдын жауып тұрды. Полицей жүргізушіден куәлігін сұрайды, ал ол ештеңе деместен, отыра береді. Тізгінде жас жігіт болған - ол полицейді қаға-маға капотымен үш-төрт метр сүйрейді. Осыдан кейін полицей құлап, жүргізуші бұрылады. Осы сәтте мен оның жолын жауып, тұрып алдым, полицей тұрып үлгеріп, оған қайта жүгіреді. Camry жүргізушісі оны қайтадан соғып, тағы қашып кетті. Ол Түркістан көшесімен Сығанақ жаққа кетті", - деді Астана тұрғыны Нұржан Бердішев. 

Ер адам екінші оқиғадан кейін полицейді көлігіне салып алып, заңбұзушыны қуалауға кеткенін айтты. "Қызметкердің өміріне қауіп төніп тұрғандықтан, көліктің алдына тұрма деп айғайладым. Сөйтіп, оны өзіме отырғызып алдым да, заңбұзушыны қуаладық. Ол қиылыста бағдаршамға тоқтап тұр екен. Осы уақытта полицей көліктен шығып, оны қуалай бастайды. Полицейге басқа қызметкерлерді шақырса жақсы болатынын айттым. Бірақ ол тоқтамай, сол көліктің алдына барып тағы тұрып алды, ал жүргізуші оны тағы да қағып кетті. Кейін Camry бағдаршамның қызыл түсіне жүріп кетті де, үш көлікті соқты. Осы уақытта қызметтік көлік келіп, үш полицей жүргізушіні ұстап алды", - деді Бердішев. 

Кейін куәгержол ережесін өрескел бұзған адаммен сөйлесіпті. Жүргізушінің айтуынша, ол жүргізуші куәлігінен айырылып қалған екен де, жазадан қорыққандықтан мұндай әрекетке барыпты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети