Астанадағы дүкендердің бірінде телефон ұрлаған әйел видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы дүкендердің бірінде телефон ұрлаған әйел видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Редакцияға қыз бала хабарласып, дүкенде жүрген кезінде сөмкесінен iPhone 6 ұялы телефонын ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлады. Ол бейнебақылау камералары түсіріп алған видеоны берді. Кадрдан әйел адам қасында тұрған қыздың сөмкесінен ұялы телефонды ұрлап, шығатын жаққа қарай беттейді.
Жәбірленушінің айтуынша, бұл оқиға тура Түркияға демалуға кетейін деп жатқан кезінде болған. Қыз ұшудың алдында дүкенге кірген. Болған оқиға қыздың берекесін кетірген, алайда ол ұшудан бас тартпапты. Оқиға 27 шілдеде түстен кейін болған. Қыз полицияға барып, арыз жазған.
Астана қаласының ІІД баспасөз қызметінің өкілдері бұл ақпаратты растап отыр. Қазіргі кезде жедел қызметкерлер ұялы телефонды ұрлаған әйел адамды іздестіріп жатыр. Бейнебақылау камерасы түсіріп алған видеоны полициядағылар зерттеп шықты.