Астанадағы кепілге алу оқиғасының куәгері: "Шынымен, ол жерде бір сұмдық болды"

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы кепілге алу оқиғасының куәгері: "Шынымен, ол жерде бір сұмдық болды" Желіде тараған кадр

Астанадағы Kaspi бөлімшесінде бірнеше қызметкер кепілге алынған еді. Бұл оқиғаның куәгері өзінің сол сәтте қандай күйде болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Пятый каналға" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы Kaspi бөлімшесінде бірнеше қызметкер кепілге алынған еді. Бұл оқиғаның куәгері өзінің сол сәтте қандай күйде болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Пятый каналға" сілтеме жасап.

"Шынымен, ол жерде бір сұмдық болды. Жантүршігерлік жағдай. Жігіттеріміздің қалай жұмыс істеп жатқанын көріп, бақылап отырдық. Олар өте белсенді және жылдам әрекет етіп, оқиға орнына жетті", - деп бөлісті Роза Шахан есімді бойжеткен.

Ол барлығы "Бумажный дом" атты тонау туралы сериалға ұқсап кеткенін айтты. Ал шын мәнінде, болып жатқанның бәрін көргенде, бұл фильмнен әлдеқайда қорқынышты болған. Оның айтуынша, ол мұндай нәрсе Қазақстанда болады деп ойламаған.

Шахан мұндай жағдайдың куәгері болғанда қорыққанын, бірақ банк ішінде кепілге алынғандар үшін көбірек алаңдағанын мойындады.

Еске салайық, Kaspi.kz-тің Астанадағы бөлімшесінде ер адам бірнеше тұрғынды кепілге алған болатын. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Кейін Kaspi Bank өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, кепілге алынғандар арасында келушілер болмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети