Астанадағы педофилді ұстау сәті түсірілген жаңа видео: Күдікті жүзіп қашпақшы болған

04 Мамыр 2017, 15:26
0
Астанадағы педофилді ұстау сәті түсірілген жаңа видео: Күдікті жүзіп қашпақшы болған - видеодан үзінді
видеодан үзінді
Астанадағы педофилді ұстау сәті түсірілген жаңа видео: Күдікті жүзіп қашпақшы болған - © Тengrinews.kz тілшісі
© Тengrinews.kz тілшісі

Астанада алты жастағы қызды зорламақшы болған күдіктіні ұстаған сәт түсірілген тағы бір видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

22 жастағы жұмысшы Асқар Кенжеқұмаров әріптестерімен бірге қызды зорламақ болған күдіктіні ұстағаны туралы айтып берді. Жұмысшылардың барлығы жаңа вокзалдың жылу жолын салып жатқан. 

Таяуда Whatsapp мессенджері арқылы  жұмысшылар тобының беліне дейін шешінген ер адамды "педофил" деп айтып, соққылар жсап жатқан видеосы тараған болатын. Видеода оқиғаның жаңа вокзал маңында болғаны айтылады. Құрылысшылар ер адамды қызды зорламақшы болған жерінен ұстап алған. 

Кейінірек ер адамды полицейлер ұстаған. 

"Кеше мен осы ер адамды көрдім, ол біздің жанымыздан кішкентай қызбен бірге өтті. Неге екенін білмеймін бірақ мен бірден бәлкім бұл педофил шығар деп ойладым. Кейінірек әкесі мен қызы болар деп ойладым. Бірақ олардың қайда бара жатқанына қарап тұрдым. Содан кейін жұмысшылар ер адамның қызды зорламақшы болғанын айтып, айғайлай бастады. Олар: "Педофил" деп айғайлады. Жұмысшылар ер адамның қызды шешіндіріп, сосын өзі де шешініп жатқанын көрген. Ол қорқып кетіп, суға қаша жөнелген", - деді кешегі оқиғаның куәгері Асқар. 

Асқар мен оның әріптесі Сәкен Құлманов ер адамның артынан қуа жөнелген. 

Оның артынан қуаламастан бұрын Асқар Кенжеқұмаров осы оқиғаны полицияға хабарлаған. Содан кейін олар киімдерін шешіп суға түсіп, қуған. 

Асқар - 22 жаста, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы Мақаншы ауылында дүниеге келген. Ол колледжде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығын тәмәмдаған. Қазіргі уақытта жұмысшы ретінде қызмет етеді, таяуда Астанада салынып жатқан вокзалдың жылу жолын салуға жіберілген. 

"2011 жылы туылған кәмелет жасына толмаған қызға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасауға әрекеттену дерегі қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 121 бабына сәйкес жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. 48 жастағы күдікті бұрындары сотталған, қазіргі уақытта Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына жабылған", - деді Астана ІІД баспасөз қызметі. 

Астана ІІД өкілдері ұсталған адамның қызды Промышленный ықшамауданындағы үйінен алдап шығарғанын анықтаған. Оқиғаға куә болған және сол маңда жұмыс істеп жүрген жұмысшылар осы жағдайды көріп, оны ұстап қалған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай