©Тengrinews.kz
Астанада қараша айында болған ірі жол апатына кінәлі Берік Тасыбаевқа 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотында осы жол-көлік оқиғасы жөніндегі істі қарау аяқталып келеді. Сотталушы - Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының жол-патруль полициясы полкының бұрынғы сержанты Берік Тасыбаев. Бүгін отырыс сыртында мемлекеттік айыптаушы Жұлдыз Тілеуғабылова Тасыбаев айыпталып отырған ҚР Қылмыстық кодекстің 296-бабының 3-бөлігі бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын айтты. Бүгін сотта жол-көлік оқиғасының тағы бір куәгері жауап берді. "Бәрі секундтардың ішінде болды, мен, тіпті, қайдан келгенін, не болғанын байқамай қалдым. Жол-көлік оқиғасынан соң мен аялдап, ол туралы хабар бердім, көмек шақырдым. BMW-7-нің тұрғанын, оның жартысының жоқ екенін, двигателі, моторы бәрі шығып кеткенін көрдім. Машинадан ештеңе қалмаған. Жүргізуші жерде жатты, мен оның қайтыс болғанын түсіндім", - дейді жол-патруль полициясы полкының қызметкері Нұрлан Қапкеев. Ол сол түні әріптестерімен бірге Ерден Рамазан деген жүргізуші басқарған BMW-7-ні тоқтатқан. Кейін оның әріптесі Бауыржан Юсупов жүргізушіні жолаушы ретінде отырғызып алып, наркологиялық диспансерге медициналық куәландыруға апаруға жолға шығады. Қапкеев патрульдік машинамен оның артынан ереді. Осы кезде жол-көлік оқиғасы болады. "Біз жедел жәрдемнің келуін ұзақ күттік. (...) Мен Mercedes-тің жүргізушісіне жақындадым, ол қан болып жатты. Оның қасында бір қыз болды, ол жылады", - дейді Қапкеев. Куәгердің айтуынша, Тасыбаев оқиға кезінде мас күйде болған. Келесі отырыста тараптардың дәйегі қатар тыңдалатын болады. Сотталушы Берік Тасыбаевқа соңғы сөз беріледі. Айта кетейік, мұның алдындағы отырыста да куәгерлердің жауабы тыңдалған болатын. Еске салайық, 2013 жылдың 23 қарашасында сағат 05.00 шамасында Астанадағы Сейфуллин көшесі мен Республика даңғылының қиылысында BMW-7 және Mercedes көліктері қатты соғысқан еді. Екеуінде де тәртіп сақшылары болған. BMW-7 көлігінің рулінде жол-патруль қызметкері отырған, ол жүргізушіні наркологиялық диспансерге алып келе жатқан. Ал келесі көліктің жүргізушісі - полиция қызметкері Берік Тасыбаев жылдамдықты асырып жүрген. Төтенше оқиға салдарынан BMW-7-дегі екі адам қайтыс болды, тағы бір полиция қызметкері жарақат алды. Бұл іс бойынша сот отырысы 4 наурыз күні басталды. Сотталушы кінәсін мойындап, өкініш білдіретінін және марқұмдардың туыстарынан кешірім сұрайтынын айтты. Жол-көлік оқиғасы сыртқы бақылау камерасына ілікті.
Астанада қараша айында болған ірі жол апатына кінәлі Берік Тасыбаевқа 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотында осы жол-көлік оқиғасы жөніндегі істі қарау аяқталып келеді.
Сотталушы - Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының жол-патруль полициясы полкының бұрынғы сержанты Берік Тасыбаев. Бүгін отырыс сыртында мемлекеттік айыптаушы Жұлдыз Тілеуғабылова Тасыбаев айыпталып отырған ҚР Қылмыстық кодекстің 296-бабының 3-бөлігі бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын айтты.
Бүгін сотта жол-көлік оқиғасының тағы бір куәгері жауап берді. "Бәрі секундтардың ішінде болды, мен, тіпті, қайдан келгенін, не болғанын байқамай қалдым. Жол-көлік оқиғасынан соң мен аялдап, ол туралы хабар бердім, көмек шақырдым. BMW-7-нің тұрғанын, оның жартысының жоқ екенін, двигателі, моторы бәрі шығып кеткенін көрдім. Машинадан ештеңе қалмаған. Жүргізуші жерде жатты, мен оның қайтыс болғанын түсіндім", - дейді жол-патруль полициясы полкының қызметкері Нұрлан Қапкеев. Ол сол түні әріптестерімен бірге Ерден Рамазан деген жүргізуші басқарған BMW-7-ні тоқтатқан. Кейін оның әріптесі Бауыржан Юсупов жүргізушіні жолаушы ретінде отырғызып алып, наркологиялық диспансерге медициналық куәландыруға апаруға жолға шығады. Қапкеев патрульдік машинамен оның артынан ереді. Осы кезде жол-көлік оқиғасы болады.
"Біз жедел жәрдемнің келуін ұзақ күттік. (...) Мен Mercedes-тің жүргізушісіне жақындадым, ол қан болып жатты. Оның қасында бір қыз болды, ол жылады", - дейді Қапкеев. Куәгердің айтуынша, Тасыбаев оқиға кезінде мас күйде болған.
Келесі отырыста тараптардың дәйегі қатар тыңдалатын болады. Сотталушы Берік Тасыбаевқа соңғы сөз беріледі. Айта кетейік, мұның алдындағы отырыста да куәгерлердің жауабы тыңдалған болатын.
Еске салайық, 2013 жылдың 23 қарашасында сағат 05.00 шамасында Астанадағы Сейфуллин көшесі мен Республика даңғылының қиылысында BMW-7 және Mercedes көліктері қатты соғысқан еді. Екеуінде де тәртіп сақшылары болған. BMW-7 көлігінің рулінде жол-патруль қызметкері отырған, ол жүргізушіні наркологиялық диспансерге алып келе жатқан. Ал келесі көліктің жүргізушісі - полиция қызметкері Берік Тасыбаев жылдамдықты асырып жүрген. Төтенше оқиға салдарынан BMW-7-дегі екі адам қайтыс болды, тағы бір полиция қызметкері жарақат алды. Бұл іс бойынша сот отырысы 4 наурыз күні басталды. Сотталушы кінәсін мойындап, өкініш білдіретінін және марқұмдардың туыстарынан кешірім сұрайтынын айтты.
Жол-көлік оқиғасы сыртқы бақылау камерасына ілікті.