16 шілде 2018 15:40

Астаналық жасөспірім лагерьде қайтыс болды: Полиция сараптама жүргізіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pexels.com Көрнекі сурет: pexels.com

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі 15 жастағы жасөспірімнің қазасына байланысты мән-жайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі 15 жастағы жасөспірімнің қазасына байланысты мән-жайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Өлім дерегін суға абайсызда батып кетті деген тұжырыммен тіркеді. Жасөспірім Ақкөл қаласынан 8 шақырым қашықтықта орналасқан "Арман" лагерінде демалған. Іс бойынша сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама нәтижесі мен дене жарақаты сараптамасы бір ай ішінде белгілі болады. Сараптама нәтижесі бойынша нақты бір шешім қабылданады", - деді баспасөз қызметі.

Білім басқармасы лагерь басшысымен тергеу ісін жүргізіп жатыр деп хабарлады полиция қызметкерлері. 

 Ұлдың ата-анасы баласының өлімі жайлы 9 шілде күні білді. 

"Біз барған кезде бізге барлық ақпаратты айтып береді. Екі күннен кейін, Көкөшетауға жол таратамыз. Біз өлім жайлы 9 шілде де білдік, қазір оны Астана қаласында жерледі. Иә, денесінде зақымдар бар. Сараптама жүргізіліп жатыр", - деді баланың әкесі Дмитрий Семенцов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети