Нұр-Сұлтанда 19 жастағы жігіт сауда және ойын-сауық орталығының 2-қабатынан фонтанға секірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Елорданың 19 жастағы тұрғыны достарымен бәстесіп, бірінші қабаттағы фонтанға секіргені анықталды. Оқиғаны сауда орталығының келушілері көрген.
Астаналықты күзетшілер ұстап, полиция қызметкерлеріне тапсырды", - деді ведомство өкілдері.
Қоғамдық тәртіпті бұзушы "Есіл" ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімі бойынша құқықбұзушы қамауға алынды.
"Ұсталған ер адам бұған дейін де ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылғаны анықталды, ол Алматы метросында музыканы қатты ойнатқан болатын", - деді полиция өкілдері.
Тәртіп сақшылары айналасындағыларға құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын әрекеттер үшін жауапкершілік барын ескертті және мұндай әрекеттер өмірге қауіпті екенін еске салды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!