Астаналық миллиард теңгеге жуық салық төлемеген

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Астаналық миллиард теңгеге жуық салық төлемеген elements.envato.com

Елорда тұрғыны жалған шот жазып, мемлекетке 900 миллион теңге көлемінде залал келтірген. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорда тұрғыны жалған шот жазып, мемлекетке 900 миллион теңге көлемінде залал келтірген. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған бухгалтерлік құжаттарды жазу дерегі бойынша "АйДи Строй 2030" ЖШС директорына қатысты қылмыстық істі аяқтады.

"Тергеу барысында Д.Құрманғожинова 2017-2018 жылдар аралығында серіктестік атынан түрлі компаниялармен жалған мәмілелер жасағаны анықталды. Нәтижесінде, мемлекетке төленбеген салық түрінде 900 миллион теңгеден аса сомаға залал келтірілді", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Оған 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама