Астаналықтар қаржы пирамидасына 3,5 миллиард теңге салып жіберген

Астаналықтар қаржы пирамидасына 3,5 миллиард теңге салып жіберген

Астаналық полицейлер қаржы пирамидасына байланысты 10 қылмыстық іс қозғады. Жалпы зардап көлемі 3,5 миллиард теңге болған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық полицейлер қаржы пирамидасына байланысты 10 қылмыстық іс қозғады. Жалпы зардап көлемі 3,5 миллиард теңге болған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, елорда тұрғындарының көбі Otbasy men jastardy qoldau qory қорынан зардап шеккен. Әлеуметтік жоба ретінде жұмыс істеген пирамида салымшыларға баспана алуға көмектесетіндерін айтқан. Жалпы 100-ден аса адамнан 1,6 миллиард теңге өндіріп алған. Тәртіп сақшыларының сөзінше, көбіне қаржы пирамидасынан әлеуметтік осал топтағы адамдар алданып қалады. 

"Қаржы пирамидасымен күрес мәселесінде халықтың қаржы сауаттылығына ерекше назар аударылады. Күніне 50-60 арыз түсіп жатады. Күніне ондаған қылмыстық іс қозғалады. Адамдар миллиондаған несие алып, сенімділігіне көз жеткізбей жатып өзгеге беріп жібереді", - дейді Нұр-Сұлтанның криминалдық полиция басқармасы бөлімінің басшысы Талғат Бөлегенов. 

Жыл басынан бері бұл қылмыс түрінен 47 миллион теңге қайтарылған. Мамандар бұл мәселені шешу үшін тұрғындардың қаржы сауаттылығын арттыру керегін айтады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети