Астраханьда кафеде оқ атқан қазақстандық 2,5 жылдан соң ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астраханьда кафеде оқ атқан қазақстандық 2,5 жылдан соң ұсталды ©РИА Новости

Ресейдің Астрахань қаласында кафеде оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен қазақстандық ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz Ресей ішкі істер министрлігінің Астрахань облысы бойынша басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл оқиға 2,5 жыл бұрын болған. Тергеудің мәліметінше, күдікті осы уақыт ішінде құқық қорғау органдары өзін ұмытып кетті деп ойлаған.

Қазақстан азаматы кафеде бір адаммен ұрсысып қалған. Оқиға орнына шақыртылған тәртіп сақшылары күдікті мен оның танысының басқа бір жігітпен жанжалдасқанын, айқай барысында қазақстандықтың тапанша шығарып, бірнеше рет оқ атқанын анықтады. Оқ ешкімге тимеген. Қазақстан азаматы кафеге келушілердің айқайын естіген кезде қашып кетпек болады. Бірақ адамдардың бірі оны қуып жетеді, сол кезде күдікті тағы оқ атқан. Ішіне оқ тиген ер адам ауруханаға түседі. 

Ізін суытқан қазақстандық жуырда Астраханьда болған кезде қолға түсті, ол кінәсін мойындады. Оның үстінен РФ Қылмыстық кодексінің 111-бабы ("Адам денсаулығына қасақана ауыр нұқсан келтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айыпталушы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Подробнее:https://tengrinews.kz/crime/kazahstanets-zaderjan-za-strelbu-v-kafe-astrahani-spustya-25-goda-252639/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети