Асыл тұқымды балықтарды заңсыз аулаған браконьерлер мемлекетке үш миллион теңге шығын келтірген

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости © РИА Новости

Атырау облысында асыл тұқымды балықтарды ұстаған үш адам ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысында асыл тұқымды балықтарды ұстаған үш адам ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау шекара жасағы "Евразия" шекара заставасының шекара наряды Пешной түбегі аумағында заңсыз балық аулаушылардың ізіне түскен.

"Заттарын тастап қашқан балық аулаушылардың орнынан мемлекеттік нөмірі жоқ 3 мотоциклге тиелген жалпы салмағы 298 келі, 127 дана асыл тұқымды балық табылды. Мемлекетке келтірілген шығын сомасы - 3 080 992,2 теңге. Асыл тұқымды балықтар "Тілекші" ЖШС-не, мотоциклдерді ІІБ-не тапсыру жоспарланған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Орал шекара жасағының "Тасқала" шекаралық бақылау өткізу пунктінің шекара наряды ҚР-дан РФ-ға "Лада" автокөлігі кетіп бара жатқан 1970 жылы туған РФ азаматын ұстады.

"Аталған азаматтың көлігінің жүксалғышын тексеру барысында Dunston, Goldenleaf, Goldendeer маркалы 590 қорап темекі өнімдері табылды. Ол аталған тауарды заңсыз алып өтпек болғаны белгілі болды. Тәркіленген заттар МКД-нің Тасқала аудандық маманына тапсырылды", - делінген хабарламада. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro