17 сәуір 2017 | 17:34

Атбасардағы су бөгетінің қирауына қатысты қылмыстық іс қозғалды - ҚР ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube © Youtube

Атбасардағы су бөгетінің қирау дерегіне қатысты іс тексерілетін болады. ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов қылмыстық іс қозғауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Атбасардағы су бөгетінің қирау дерегіне қатысты іс тексерілетін болады. ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов қылмыстық іс қозғауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қолда бар ақпарат бойынша, Атбасар ауданындағы Жабай өзенінде 5-7 күнде су деңгейі төмендеп, қауіпсіз болады. Су бөгеті мәселесімен ары қарай жергілікті басқару органдары шешеді. Бүгін ішкі істер министрінің кеңесінде бұл су бөгетін салу мен пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғау тапысырылды. Тергеу аяқталған соң қорытындысымен таныстырамыз", - деді ІІМ орынбасары Юрий Ильин.

Оның айтуынша, бөгеттің биіктігі 7 метр болған. "Бір сағат бұрын Жабай өзеніндегі су деңгейінің 5,60 метр екені жайлы мәлімет келіп түсті, яғни бұл бірнеше жылдардағы көрсеткіштерден асып тұр. Сәйкесінше, бұл бөгет осындай мөлшердегі суды қорғауға арналмағандықтан демалыс күндері ол жарылып кетті. Жарылыс Атбасар ауылы аумағында болды. Салдарынан бүгінде 200 үй су астында қалып тұр", - деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ, Юрий Ильин эксплуатация мен бөгет құрылысында ережебұзушылықтар болған жағдайда жергілікті әкімдіктің жауапкершілік тартуы мүмкін екенін айтып өтті.

Еске салайық, 15 сәуірде Атбасарда су деңгейі көтеріліп, бөгет бұзылған болатын. Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жергілікті орындаушы органдар, жергілікті полиция қызметі, Ұлттық гвардия, сондай-ақ Көкшетау техникалық институтының курсанттары 2017 жылы 15 сәуірде 20.00-де су шайған дамбаны қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылған. 

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметі бойынша,  2017 жылы 16 сәуірде таңғы сағат 06:00-де су басқан жерлерден 150 адам эвакуацияланды. Су басуды тоқтату шаралары жүргізілген. Қайта қалпына келтіру жұмыстарына 500 адам және 50 арнайы техника жұмылдырылған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети