25 желтоқсан 2014 | 16:47

Атырау - Астана жолаушылар пойызының терезесін сындырып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©brd24.com ©brd24.com

Ақтөбе облысында көліктегі полицейлер жолаушылар пойызының терезесін сындырған екі адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ КІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында көліктегі полицейлер жолаушылар пойызының терезесін сындырған екі адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ КІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 желтоқсанда Қандыағаш станциясындағы желілік полициясына Атырау - Астана жолаушылар пойызының екі жолсерігі 02.00-де РЗД 315 - Қандыағаш өткелінде белгісіз біреулердің екі вагонның терезелерін сындырғанын хабарлайды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-тергеу шаралары кезінде желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Атырау облысының екі тұрғынын ұстады. Оның бірі - 29 жаста, екіншісі - 33-те. 

ҚР ҚК 258-бабы ("Вандализм") бойынша қылмыстыс іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

"Жыл басынан бері жолаушылар пойызы терезелерін сындырудың 139 дерегі тіркелді. 70-тен астам қылмыстық іс қозғалды. Теміржол нысандарында заңға қайшы әрекет жасауға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған. Елдің көліктегі полицейлері халықты саналы болуға және пойыздар мен теміржол нысандарында ереже сақтауға шақырады", - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ІІД баспасөз хатшысы Ләззат Әленова.

Бұған дейін Жезқазған - Қарағанды бағытындағы электр пойызда үш жолаушы, үш жолсерік пен бір бригадирдің қатысуымен жаппай төбелес болғаны хабарланған еді. Көлік полициясы пойызда жаппай төбелес шығарған Қарағанды облысының үш тұрғынын ұстады. Олар - 1990, 1991 және 1992 жылы туылған жігіттер, құқық қорғау органдары мамандарының айтуынша, оқиға болған кезде олар мас болған. Қазір ұсталғандар Жезқазған қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторында отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети