Атырау мұнай өңдеу зауытына қарсы қылмыстық іс қозғалды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау мұнай өңдеу зауытына қарсы қылмыстық іс қозғалды Фото:anpz.kz

Атырау облысы бойынша Монополияға қарсы департамент өңірлік прокуратурамен бірлесіп, Атырау мұнай өңдеу зауытының үстем жағдайын теріс пайдалану дерегін анықтады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысы бойынша Монополияға қарсы департамент өңірлік прокуратурамен бірлесіп, Атырау мұнай өңдеу зауытының үстем жағдайын теріс пайдалану дерегін анықтады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау облысы бойынша прокуратурасының басшылығымен "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС қызметін тексеру шеңберінде 2020-2021 жылдары шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындауға монополиялық жоғары баға белгілеу түрінде АМӨЗ үстем жағдайын теріс пайдалану фактілерін анықтады", - делінген хабарламада.

Монополияға қарсы департаменттің қорытындысы іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Атырау облысы бойынша прокуратурасына жіберілді.

Өңірлік прокуратурамен ҚР Қылмыстық кодексінің 221-бабы "Монополистік қызмет" бойынша "АМӨЗ" ЖШС қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, 2020-2021 жылдары шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша қызметтерге монополиялық жоғары бағаны белгілеу фактісі бойынша Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети