Атырау облыстық құрылыс басқармасы басшысының екінші экс-орынбасары ұсталды - БАҚ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облыстық құрылыс басқармасы басшысының екінші экс-орынбасары ұсталды - БАҚ Мерей Жантореев. © azh.kz

10 наурызға қараған түні Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Мерей Жантөреев ұсталды. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 наурызға қараған түні Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Мерей Жантөреев ұсталды. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жантөреев облыстық құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы екінші   орынбасары. 10 ақпанда Атырауда құрылыс басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Нұрқуат Нудин ұсталған, ол ұсталған кезде денсаулық сақтау басқармасы бастығының қаржылық мәселелер жөніндегі орынбасары болған.

16 ақпанда ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі Атырау облысы бойынша аумақтық департаментімен облыстық құрылыс басқармасының лауазымды тұлғаларына және "Техника-Рем строй" ЖШС басшысына қатысты әлеуметтік нысандар құрылысына бөлінген аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын ресми түрде хабарлады.

Әңгіме мектеп, екі отбасылық дәрігерлік амбулатория және дене шынықтыру-сауықтыру кешені туралы болып отыр. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы ("Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемденіп алу немесе иемдену") бойынша сараланған.

Басылым мәліметінше, дәл осы қылмыстық іс бойынша Жантөреевке қатысты тергеу жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети