Атырау облыстық әкімдігінің лауазымды тұлғалары сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
Атырау облыстық әкімдігінің лауазымды тұлғалары сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
Бұған дейін Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Нұрсәуле Сайлауова және басқа да шенеуніктер пара алу ісі бойынша сотталғаны хабарланған.
Олар бюджеттен бөлінген 118 миллион теңгені жымқырып, сондай-ақ тауарларды жеткізу келісімшарттарын жасауға, аттестаттан өтуге және ҰБТ тапсыруға жәрдемдескені, ақшалай сыйақымен көтермеленетін үміткерлердің тізіміне еңгізгені үшін ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген.
2020 жылдың 06 ақпанында Атырау қалалық №2 сотымен осы күдікпен істі болған 8 адам сотталды:
- Н. Сайлауова бюджет қаржысын жымқырғаны, лауазымын асыра пайдаланғаны, пара алғаны үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ "Құрмет" Ордені мемлекеттік наградасынан айыруға ұсыныс енгізілді.
- К. Кенжеғалиев бюджет қаржысын жымқырғаны, лауазымын асыра пайдаланғаны, пара алғаны үшін 2 жылға бас бостандығынан шектелді.
- Р. Кабдулова бюджет қаржысын жымқырғаны, пара алғаны және алаяқтық жасағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Н. Мажитова бюджет қаржысын жымқырғаны және алаяқтық жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Г. Қабикенов бюджет қаржысын жымқырғаны және алаяқтық жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
- К. Имангазиева, К. Жалелова, Б. Забенов бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 4 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу.
Барлық сотталушы тұлғалар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.