Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті қылмыстық топтың әрекетіне тоқсауыл болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"31 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Атырау-Астрахан, Атырау-Орал, Атырау-Бейнеу халықаралық және қалааралық бағыттағы тасымалдаушылардан жүйелі түрде екі жыл уақыт бойы бопсалау арқылы ақша алып жүрген топты ұстады. Осы бағыттар бойынша шамамен 200 көлік жүрген. Ай сайын жүргізушілерден 5 000 - 25 000 теңге көлемінде ақша алып отырған", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ұсталғандардың деструктив бағыттағы бейдәстүрлі салафизм діни ағымын ұстанатыны айтылады. Қылмыстық құқықбұзушылық ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі 2-тармақтары бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.
Алты адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.