Атырау облысында атыс болды: бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында атыс болды: бір адам қаза тапты Фото: Tengrinews.kz

Атырау облысында тасжолда атыс болды, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында тасжолда атыс болды, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

30 қазанда сағат шамамен 19:30-да Атырау-Ақтөбе тасжолының 331-шақырымында Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының маңында ауылдастар арасында атыс болып, алты ер адам жарақат алды, оның бесеуіне оқ тиген. 

Жергілікті басылымның мәліметінше, ауылдың әр бөлігінде тұратын ер адамдар арасында жанжал шыққан.

"Зардап шеккендер Сағыз ауылдық дәрігерлік амбулаториясына жеткізілді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық кодекстің 24-99-бабы бойынша соталды тергеу басталды", - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Сондай-ақ, полицейлер бес адам оқ-дәріден жараланғанын, бір адамның қолы сынғанын хабарлады. 1985 жылғы ер адам Сағыз ауылындағы амбулаториялық ауруханада қайтыс болды. "Болжам бойынша, оқиға ауыл тұрғындары арасындағы келіспеушіліктен болған", - деді ведомстводағылар.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети