Атырау облысында белгісіз біреулер 32 жастағы ер адамды атып кеткен, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".
Атырау облысында белгісіз біреулер 32 жастағы ер адамды атып кеткен, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".
Оқиға 15 қазанда таңғы уақытта Мақат ауданы Доссор ауылында болған. Қаза болған ер адамның артында әйелі мен кәмелетке толмаған үш баласы қалғаны айтылады.
Атырау облыстық ІІД мәліметінше, осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Оқиғаның басқа мән-жайы айтылмайды.