Атырау облысындағы Құлсары қаласында болған жаппай төбелестен бір адам қаза тапты. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы өңірлік ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова айтып берді.
Атырау облысындағы Құлсары қаласында болған жаппай төбелестен бір адам қаза тапты. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы өңірлік ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова айтып берді.
Оқиға 29 тамызға қараған түні болды. Төбелес барысында оқ ататын қару қолданылған. Салдарынан Құлсарының 1994 жылғы екі тұрғыны жарақат алды. Олар ауруханаға жеткізілді, кейіннен біреуі жан сақтау бөлімінде қайтыс болды. Екіншісі әлі де ауруханада жатыр.
Полиция төбелеске қатысы бар деген күдікпен алты адамды ұстады. Олардың бірі, яғни 1993 жылғы тұрғын қамауға алынды. Ол қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Сонымен қатар, Құлсары маңында іздеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде оқ ататын қарудың бесеуі және патрондар табылды. "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.