13 қаңтар 2017 22:17

Атырау облысында ер адам әйелін зорлағаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

Өз әйелін зорлады деп айыпталған Атырау облысының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".


Өз әйелін зорлады деп айыпталған Атырау облысының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Тергеу мәліметі бойынша, 46 жастағы ер адам әйелін бірнеше рет зорлаған: нәпсісінің жетегіндегі ер адам әйелінің қарсылығына бой бермеген. Әйелі шыдамай, полицияға арыз берген. Тағайындалған сараптама әйелдің сөзін растады. Ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы ("Бірнеше рет жасалған сексуалды сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттерi") бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Құрманғазы ауданының прокуроры Магилан Рахымов сот ер адамды кінәлі деп тауып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырғанын айтты. Жаза тағайындау кезінде ер адамның өкініш білдіруі, әйелінің кешірімі мен кәмелетке толмаған балаларының болуы ескерілген екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети